Жылыой ауданының Қоғамдық кеңесі Жылыой ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамына шығып қалған 1 мүшесінің орнына коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мен азаматтардың арасында қосымша конкурс өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
Атауы: Жылыой ауданының Қоғамдық кеңесі
Пошталық мекен-жайы: индекс – 060100, «Жылыой ауданы мәслихатының аппараты» ММ, Құлсары қаласы, Махамбет даңғылы , ғимарат 26, №6 кабинет.
Байланыс телефондары:
8 71 237 5-14-62, 5-13-99
Электрондық мекенжайлар: zhylyoi_maslihat2014@mail.ru; a.shagataeva@ maslihat-zhylyoi.gov.kz, zhylyoi-kogamdykkenes@mail.ru
Құжаттарды тапсыру кезеңі: 2023 жылғы «7» тамыз - « 18» тамыз аралығында.
Сағат 08.30-ден 18.00 дейін, үзіліс 12.30-тен 14.00 дейін.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған, сондай-ақ Қоғамдық кеңес жергілікті деңгейде қалыптастырылған жағдайда–тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауы;
2) сот заңда белгілеген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және ( немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;
3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.
Көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін кандидаттар қоғамдық кеңестерге сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар:
1) Кандидатураны Қоғамдық кеңес құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және ( немесе) азаматтың өтініші;
2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама ұсынылады.
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабының 4- тармағына сәйкес, коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады.
Қоғамдық кеңестегі азаматтық қоғам өкілдерінің саны оның мүшелерінің жалпы санының үштен екісін құрауға тиіс.