Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің басшыларының назарына!

Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің басшыларының назарына!

Жылыой аудандық мәслихаты Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10 бабына сәйкес Жылыой аудандық аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамынан шығып калған  мүшелердің орнына мүшелер  сайлайтыны туралы хабарлайды.

          Осыған орай, кандидаттар туралы ұсыныстар 2026 жылдың 06 сәуір мен 10 сәуір аралығында аудандық мәслихатқа мына мекен-жайға ұсынылуы керек:

Құлсары қаласы,  Махамбет даңғылы, 20, Жылыой аудандық мәслихатының аппараты.

Байланыс телефоны:8(712 37) 5-42-72

Құжаттарды қабылдау уақыты: сенбі, жексенбі күндерінен басқа күндері сағат 08.30-12.30 дан  14.00-18.00 ге  дейін.

          Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер аудандық аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелігіне кандидат туралы ұсынысын Жылыой аудандық мәслихат төрағасы Мыңбаев Қанат Қалдығұлұлының  атына жолдайды. Оған:  

  • тиісті учаскелік сайлау комиссиясының құрамына кандидаттар ұсыну туралы саяси партия органының, өзге қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің отырысы хаттамасынан үзінді көшірме;
  • саяси партияның немесе басқа да қоғамдық  бірлестіктің, олардың

құрылымдық бөлімшелерінің тіркелгендігі туралы құжаттың көшірмесі;

  • кандидаттың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім

бергендігі туралы тиісті мәслихатқа өтініші қоса тіркеледі;

  • кандидаттың жеке куәлігінің көшірмесі.

 

Р/с

Сайлау комиссиясы түрі

Шығып қалған комиссия мүшесі қай партиядан немесе қоғамдық бірлестіктен ұсынылған

1

Аумақтық сайлау комиссиясы

«AMANAT» партиясы қоғамдық бірлестігінің Жылыой аудандық филиалы

2

Округтік сайлау комиссиясы №1

«Ардагерлер кеңесі» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Жылыой аудандық филиалы

3

Учаскелік сайлау комиссиясы №103

«Кәсіпқой жауынгерлік клубы Жылыой» қоғамдық бірлестігі

4

Учаскелік сайлау комиссиясы №106

«Ардагерлер кеңесі» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Жылыой аудандық филиалы

5

Учаскелік сайлау комиссиясы №104

«AMANAT» партиясы қоғамдық бірлестігінің Жылыой аудандық филиалы

6

Учаскелік сайлау комиссиясы №237

«AMANAT» партиясы қоғамдық бірлестігінің Жылыой аудандық филиалы

7

Учаскелік сайлау комиссиясы №239

«Ардагерлер кеңесі» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Жылыой аудандық филиалы

                                 

Жылыой аудандық  мәслихаты

Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің басшыларының назарына!
Дата публикации
06 апреля 2026