«2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы»

«2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы»

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 91 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабы 1 тармағының                                               1) тармақшасына сәйкес және аудан әкімдігімен ұсынылған 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет жобасын қарап, Жылыой аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 

  1. «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға арналған аудандық бюджет келесідей көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер –  336 481 354  мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер  – 328 065 100 мың теңге;

салықтық емес түсімдер  – 70 000 мың теңге;   

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер  – 135 000  мың теңге; 

трансферттер түсімдері – 8 211 254 мың теңге;

2) шығындар – 336 481 354 мың теңге;

3) таза бюджеттік несиелендіру – 10 920 мың теңге, оның ішінде:     

бюджеттік несиелер – 17 300 мың теңге;

бюджеттік несиелерді өтеу – 6 380 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер –  0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) –  - 10 920 мың теңге;

6)бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –                            10 920  мың теңге:

қарыздар түсімі – 17 300 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 6 380 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 мың теңге.»

  1. Аудан бюджетінен облыстық бюджетке бюджеттік алымдардың 2026 жылға арналған көлемі  282 174 564 мың теңге сомасында белгіленсін.
  2. Аудандық бюджеттен қала, кенттер және ауылдық округтер бюджеттеріне берілетін 2026 жылға арналған бюджеттік субвенциялар көлемдері 410 643 мың теңге сомасында белгіленсін, оның ішінде:

Құлсары қаласы – 157 990 мың теңге;

Жаңа Қаратон кенті – 22 560 мың теңге;

Жем ауылдық округі – 68 496 мың теңге;

Қосшағыл ауылдық округі – 41 295 мың теңге;

Қара Арна ауылдық округіне – 35 346 мың теңге;

Майкөмген ауылдық округіне – 42 972 мың теңге;

Ақкиізтоғай ауылдық округіне – 41 984 мың теңге.

  1. 2026 жылға аудандық бюджетте ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, кент, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне жүз еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір жолғы көтерме жәрдемақы және екі мың еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тұрғын үй сатып алуға немесе салу үшін бюджеттік кредиттер көзделгені ескерілсін.
  2. 2026 жылға жергілікті атқарушы органдарының резерві 6 592 386 мың теңге сомасында бекітілсін.
  3. 2026 жылға арналған аудандық бюджетте мамандарды әлеуметтік қолдау

шараларын іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдарға 17 300 мың теңге сомасында бюджеттiк кредиттер көзделгенi ескерiлсiн.

  1. 2026 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджет есебінен 7 700 000 мың теңге сомасында нысаналы даму трансферттері ескерілсін, оның ішінде:

көлік инфрақұрылымын дамытуға – 2 700 000 мың теңге;

шағын және моноқалаларда бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға – 5 000 000 мың теңге.

  1. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледi.

Мәслихат төрағасы                                        Қ.Мыңбаев

          

 

«2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы»
Дата публикации
14 января 2026