«2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Жылыой аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 желтоқсандағы №25-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Жылыой аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 -қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға келесідей көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 286 898 732 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 282 878 509 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 102 171 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 108 516 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 3 802 249 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 7 287 мың теңге
2) шығындар – 292 162 301 мың теңге;
бюджеттік несиелер – 23 592 мың теңге;
бюджеттік несиелерді өтеу – 6 380 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 5 280 781 мың теңге;
6)бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)– 5 280 781 мың теңге:
қарыздар түсімі – 23 592 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 6 380 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 5 263 569 мың теңге.»
Мәслихат төрағасы Қ.Мыңбаев