«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабының 2-тармағына және 19 бабының 3-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат төрағасы 2025 жылғы 06 қарашада сағат 11.00-де аудандық әкімдіктің мәжіліс залында өтетін аудандық мәслихаттың кезектен тыс 37 сессиясын шақыру туралы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ.
Сессияның қарауына төмендегі мәселелер енгізілді:
1) «2025-2027 жылдарға арналған Құлсары қаласының, Жаңа Қаратон кентінің, Жем, Қосшағыл, Қара-Арна, Майкөмген және Ақкиізтоғай ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» Жылыой аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы №26-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен мәжілісі 2025 жылғы 06 қарашада сағат 10.00-де өткізіледі.
Жылыой аудандық мәслихаты