Аудандық мәслихат депутаттарының есіне!

Аудандық  мәслихат  депутаттарының  есіне!

«Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті  мемлекеттік   басқару және өзін-өзі басқару  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Заңының   10 бабының   2-тармағына және 19 бабының 3-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес  аудандық  мәслихат    төрағасы 2025   жылғы 18 қыркүйекте сағат  11.00-де  аудандық  әкімдіктің  мәжіліс    залында  өтетін  аудандық  мәслихаттың кезекті 35 сессиясын  шақыру  туралы  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ.

Сессияның қарауына  төмендегі  мәселелер  енгізілді:

1) Ауданның тұрғын үй – коммуналдық және әлеуметтік салалар объектілерінің 2025-2026 жылдардың күзгі-қысқы кезеңіне дайындығы туралы

2) Ақкиізтоғай ауылдық округінің экономикасы мен әлеуметтік саласын дамытудағы жұмыстары туралы округ әкімінің есебі туралы

3) Аудандағы білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жақсартудағы және оқушыларды оқулықтармен қамтамасыз етудегі жасалып жатырған жұмыстары туралы

4) Аудандық полиция бөлімінің 2024 жылғы атқарылған жұмыстары туралы

5)  Басқа да мәселелер.

Аудандық  мәслихаттың  тұрақты  комиссияларының  бірлескен  мәжілісі  2025 жылғы 18 қыркүйекте сағат 09.00-де өткізіледі.

          Жылыой  аудандық  мәслихаты

Аудандық мәслихат депутаттарының есіне!
Дата публикации
09 сентября 2025