Жылыой ауданы бойынша 2025-2030 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы

Жылыой ауданы бойынша  2025-2030 жылдарға арналған жайылымдарды   басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы

 

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6- бабы 1-тармағының 13) тармақшасына және «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 8- бабының 1) тармақшасына, 13-бабына сәйкес Жылыой аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Бекітілсін:

1) осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес  Құлсары  қаласы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспары;

2) осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Жаңа Қаратон кенті бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспары;

3) осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес Қара Арна ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспары;

4) осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес Жем ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспары;

5) осы шешімнің 5-қосымшасына сәйкес Майкөмген ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспары;

6) осы шешімнің 6-қосымшасына сәйкес Ақкиізтоғай ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспары;

7) осы шешімнің 7-қосымшасына сәйкес Қосшағыл ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспары;

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік сала, құқық, коммуналдық шаруашылық, құрылыс, өндіріс, ауылшаруашылығы және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Мәслихат төрағасының

уақытша міндетін атқарушы                   Б.Құлбаев    

Жылыой ауданы бойынша 2025-2030 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы
Дата публикации
19 августа 2025