Атырау облысы, Жылыой ауданы, Қара Арна ауылдық округі аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысушы мүшелері жиналысының хаттамасы

Атырау облысы,  Жылыой ауданы, Қара Арна  ауылдық  округі аумағында  бөлек жергілікті  қоғамдастық  жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысушы мүшелері  жиналысының  хаттамасы

 

Шоқпартоғай  ауылы                         17 маусым 2025 жыл

мәжіліс  залы                                                                                   сағат  10.00

 

Қатынасқандар: Жергілікті қоғамдастық 7 мүшесінің 7 қатынасты.

  1. Махамбет Жеңіс - ардагерлер кеңесінің төрағасы
  2. Кенжебеков Амандық- ауыл тұрғыны
  3. Балжігітов Сейітжан - «Достан-Ата» шаруа қожалығының жетекшісі
  4. Жанжігітова Гүлшат - Құлтумиев саз мектебінің мұғалімі
  5. Унгарбаева Шолпан - №3 жалпы білім беретін мектеп директоры
  6. Тұманғалиева Нұржауған - зейнеткер.
  7. Ешибаева Нелла - КМҚК «Балдәурен» ясли бақшасының меңгерушісі

                                 Жиналыс төрағасы: Ж.Махамбет

                                 Жиналыс хатшысы: Г.Жанжігітова

 

         Күн  тәртібі:

«Шоқпартоғай ауылының көшесіне көше атауын беру туралы».

Жиынды ауыл әкімі Е.Елеусинов ашып, күн тәртібіндегі мәселені жиналысқа қатынасқан азаматтарға Таласов Сұлтанғали атамыздың өмірбаяны туралы қысқаша мағлұмат берді.Ол 1909 жылы Қара Арна ауылдық кеңесінде дүниеге келген. Он сегіз жасқа толғаннан осы ауылда жеке шаруамен айналысып, етікші болған. Одан әрі алғаш құрылған Ұялы ауылындағы Оян, Қызыл Дихан серіктестерінің мүшелігіне қабылданып, он бес жылдай ұста, ағаш шебері, мәселелері бойынша жұмыс істеген. 1 дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен, бірнеше медальмен марапатталған. Таласов Сұлтанғали атамыздың есімін көше атауын беруге ұсыныс білдірді.Ұсынылып отырған көшенің ұзындығы шамамен 730 метр.

 Осы көшенің тұрғындарымен жиналыс өткізіліп, тұрғындардың келісімі алынды. Сондай-ақ қоғамдастық мүшелерінің ұсыныстары немесе қарсы пікірлері ескеріледі.

            Махамбет Жеңіс: Таласов Сұлтанғали 1955 жылдың желтоқсанынан 1963 жылдың қаңтарына дейін облыс бойынша «миллионер» колхоз атанған «Қазақстан» ұжымшарында ферма меңгерушісі болды. Ұжымшарлар ірілендірілгеннен кейін, 1963 жылдың қаңтарында «Қазақстан» кеңшарында ірі қара фермасының меңгерушілігіне тағайындалып, 1968 жылға дейін яғни зейнеткерлікке шыққанға дейін, одан кейінде де еңбектен қол үзбей, бес-алты жыл шаруашылық меңгерушісі ретінде үздіксіз жұмыс істеп, ауданның облыстағы аса ірі шаруашылықты аймаққа айналуына зор үлес қосқан. 1946 жылдың маусым айынан бері КПСС мүшесі, бірнеше  рет  жергілікті Кеңестің депутаты болып сайланған. Ұсынысты бір ауыздан қолдап, оң шешімін табуға ықпал етулеріңізді сұраймын.

Балжігітов Сейітжан: 1951-1952 жылдары Орал қаласындағы ұжымшар төрағаларын даярлайтын ауыл шаруашылығы мектебін оқып, оны бітірген соң Жаршық ауылындағы Қызыл Ту ұжымшары төрағасының орынбасары болып қызмет еткен. Сондықтан аталған көше атауын беруге қарсы емеспін.

  Ешибаева Нелла: менің де осы аталған Сұлтанғали Таласов есіміне көше атауын беру туралы ұсынысқа қарсылығым жоқ. Ауыл жастарының мәңгілік естерінде қалдыру мақсатында ауылмыздан көше атын беру өте орынды деп санап, Сіздерден осы ұсынысты қолдауды өтінемін.

Сонымен қатар жергілікті қоғамдастық мүшелері Балжігітов Сейітжан, Ешибаева Нелла, Жанжігітова Гүлшат, Унгарбаева Шолпан сөйлеп басқа ұсыныстар мен пікірлер жоқтығынан кейін, келісім беретіндігін айтты.

Жиналысы төрағасы: Ж.Махамбет Аталған көшеге С.Таласов есімін көше атауына беруге дауысқа салайық:

Қолдау 7 дауыс. Қарсы 0 дауыс.

Қарсы, қалыс жоқ.

Шешім бір ауыздан қабылданды.

Жиналыс ШЕШІМ ЕТЕДІ:

 

  1. «Шоқпартоғай ауылының көшесіне Сұлтанғали Таласов есімін көше атауына беру туралы» ұсыныс мақұлдансын.
  2. Шоқпартоғай ауылындағы аталған көше атауын беру жөніндегі ұсыныс Жылыой аудан әкімі аппаратына, Жылыой аудандық мәслихатқа және облыстық ономастика комиссиясына жолдансын.

 

Жиналыс  төрағасы:                                                           Ж.Махамбет

Жиналыс хатшысы:                                                              Г.Жанжігітова

                                                                                                                   

 

 

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Қара Арна ауылдық округі аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысушы мүшелері жиналысының хаттамасы
Дата публикации
01 июля 2025