Жылыой ауданының елді мекендерінің бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы

 

 Жылыой ауданының елді мекендерінің бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 11-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының                    1-тармағының 13)-тармақшасына сәйкес Жылыой аудандық мәслихаты  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Осы шешімнің 1- және 2- қосымшаларына сәйкес Жылыой ауданының елді мекендерінің бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері бекітілсін.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жылыой ауданы әкімінің салаға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Мәслихат төрағасы

 

Қ. Мыңбаев

 

 

Жылыой ауданының елді мекендерінің бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы
Дата публикации
03 июня 2025