«2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Жылыой аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 желтоқсандағы №25-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«2025-2027 жылдарға  арналған аудандық бюджет туралы» Жылыой аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 желтоқсандағы №25-1 шешіміне өзгерістер  енгізу туралы

 

Жылыой аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 

  1. «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Жылыой аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 желтоқсандағы №25-1 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2025-2027  жылдарға  арналған  аудандық  бюджет  тиісінше  1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның  ішінде 2025 жылға келесідей көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер 252 180 136  мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер  – 248 836 291 мың теңге;

салықтық емес түсімдер  – 46 425 мың теңге;   

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер  – 128 500 мың теңге; 

трансферттер түсімдері – 3 168 920 мың теңге;

2) шығындар – 257 443 705 мың теңге;

  • таза бюджеттік несиелендіру – 17 212 мың теңге, оның ішінде:     

бюджеттік несиелер – 23 592 мың теңге;

бюджеттік несиелерді өтеу – 6 380 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер –  0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) –  - 5 280 781 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –       5 280 781  мың теңге:

қарыздар түсімі – 23 592 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 6 380 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 5 263 569 мың теңге.

  1. Көрсетілген шешімге 1-қосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редақцияда жазылсын.
  2. Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

Мәслихат төрағасы                                                                  Қ.Мыңбаев

 

«2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Жылыой аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 желтоқсандағы №25-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
03 июня 2025