Аудандық мәслихат депутаттарының есіне!

Аудандық  мәслихат  депутаттарының  есіне!

 

«Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті  мемлекеттік   басқару және өзін-өзі басқару  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Заңының   10 бабының                        2-тармағына және 19 бабының 3-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес  аудандық  мәслихат    төрағасы 2025 жылғы 06 мамырда сағат  10.00-де  аудандық  әкімдіктің  мәжіліс  залында  өтетін  аудандық  мәслихаттың кезекті 30 сессиясын  шақыру  туралы  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ.

Сессияның қарауына  төмендегі  мәселелер  енгізілді:

  1. Жылыой ауданы экономикасы мен әлеуметтік саласының 2024 жылғы даму қорытындылары және 2025 жылғы іс-қимылдары жөніндегі аудан әкімінің есебі туралы.
  2. 2024 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы.
  3. 2024 жылға арналған Құлсары қаласы, Жаңа Қаратон кенті, Жем, Қосшағыл, Қара Арна, Майкөмген және Ақкиізтоғай ауылдық округтері бюджеттерінің атқарылуы туралы.
  4. Атырау облысы тексеру комиссиясының 2024 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есебі туралы.
  5. Көктемгі су тасқыны салдарын жою бойынша атқарылған жұмыстар туралы.
  6. Басқа да мәселелер.

Аудандық  мәслихаттың  тұрақты  комиссияларының  бірлескен  мәжілісі     2025 жылғы 05 мамырда сағат 10.00-де өткізіледі.

         

    Жылыой  аудандық  мәслихаты

Аудандық мәслихат депутаттарының есіне!
Дата публикации
23 апреля 2025