«2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Жылыой аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 желтоқсандағы №25-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«2025-2027 жылдарға  арналған аудандық бюджет туралы» Жылыой аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 желтоқсандағы №25-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Жылыой аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 

  1. «2025-2027 жылдарға арналған  аудандық  бюджет  туралы» Жылыой аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 желтоқсандағы №25-1 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2025-2027  жылдарға  арналған  аудандық  бюджет  тиісінше  1, 2 және 3 -қосымшаларға сәйкес, оның  ішінде 2025 жылға келесідей көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер 250 879 362  мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер  – 247 512 050 мың теңге;

салықтық емес түсімдер  – 46 300 мың теңге;   

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер  – 128 500  мың теңге; 

трансферттер түсімдері –  3 192 512 мың теңге;

2) шығындар – 256 142 931 мың теңге;

  • таза бюджеттік несиелендіру – 17 212 мың теңге, оның ішінде:     

бюджеттік несиелер – 23 592 мың теңге;

бюджеттік несиелерді өтеу – 6 380 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер –  0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) –  - 5 280 781 мың теңге;

6)бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –                            5 280 781  мың теңге:

қарыздар түсімі – 23 592 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 6 380 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 5 263 569 мың теңге.»

  1. Көрсетілген шешіміне 1 қосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редақцияда жазылсын.
  2. Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

 

          Мәслихат төрағасы                                                                   Қ.Мыңбаев

          

 

 

«2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Жылыой аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 желтоқсандағы №25-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
01 апреля 2025