Аудандық мәслихат депутаттарының есіне!

Аудандық  мәслихат  депутаттарының  есіне!

 

«Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті  мемлекеттік   басқару және өзін-өзі басқару  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Заңының   10 бабының           2-тармағына және 19 бабының        3-тармағының 1-1) тармақшасына   сәйкес  аудандық  мәслихат    төрағасы 2025 жылғы 20 наурызда сағат  11.00-де  аудандық  әкімдіктің  мәжіліс  залында  өтетін  аудандық  мәслихаттың кезекті 29 сессиясын  шақыру  туралы  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ.

Сессияның қарауына  төмендегі  мәселелер  енгізілді:

  1. Жылыой ауданы экономикасы мен әлеуметтік саласының 2024 жылғы даму қорытындылары және 2025 жылғы іс-қимылдары жөніндегі аудан әкімінің есебі туралы.
  2. 2024 жылы атқарылған жұмыстар туралы Жылыой аудандық мәслихат төрағасының есебі.
  3. Жылыой аудандық мәслихатының әлеуметтік сала, құқық, коммуналдық шаруашылық, құрылыс, өндіріс, ауылшаруашылығы және экология мәселелері жөніндегі комиссиясының 2024 жылғы атқарған жұмысы туралы есебі.
  4. Жылыой аудандық мәслихатының бюджет, қаржы, экономика және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі комиссиясының 2024 жылғы атқарған жұмысы туралы есебі.
  5. Басқа да мәселелер.

Аудандық  мәслихаттың  тұрақты  комиссияларының  бірлескен  мәжілісі  2025 жылғы 20 наурызда сағат 09.00-де өткізіледі.

         

    Жылыой  аудандық  мәслихаты

 

 

Аудандық мәслихат депутаттарының есіне!
Дата публикации
07 марта 2025