Жылыой аудандық Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырысына байқаушы ретінде қатысу үшін байқаушылар тізімін қалыптастыру туралы ХАБАРЛАНДЫРУ
Жылыой аудандық мәслихаты Жылыой аудандық Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырысына байқаушы ретінде қатысу үшін байқаушылар тізімі қалыптастырылатыны жөнінде хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы №69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ереженің 10-тармағының талаптарына сәйкес Жылыой аудандық Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс отырысына Қазақстан Республикасының азаматтары, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері болып табылатын дауыс беру құқығы жоқ байқаушылар жұмыс тобының отырысына қатысуға жіберіледі.
Жұмыс тобының отырысына байқаушы ретінде қатысу үшін байқаушы болуға ниет білдірген адам Үлгілік ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушы ретінде қатысуға өтінішті мекенжай бойынша ұсынады немесе электрондық поштаға жібереді:
«Жылыой ауданы мәслихатының аппараты» ММ, индекс – 060100, Құлсары қаласы, Махамбет даңғылы, 20, №4 кабинет.
Байланыс телефондары: 8 71 237 5-14-62, 5-13-99.
Электрондық мекенжайлар: zhylyoi_maslihat2014@mail.ru;
a.shagataeva@ maslihat-zhylyoi.gov.kz
Өтініштер хабарландыру жарияланғаннан күннен бастап бес жұмыс күн ішінде қабылданады.
Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеге
2-қосымша
Кімге ______________________
(жергілікті өкілді органның атауы)
__________________________
тұратын
(елді мекен, көше, үй, пәтер)
кімнен _____________________
____________________________
(өтініш берушінің аты, жөні, тегі
(бар болған жағдайда),
жеке куәлік № ____,
берілді (қашан, кім))
Өтініш
Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушы ретінде енгізу үшін өз кандидатурамды ұсынамын.
Мынадай құжаттарды қоса беремін:
1) ________________________________________________________
2) ________________________________________________________
3) ________________________________________________________
4) ________________________________________________________
5) ________________________________________________________
6) ________________________________________________________
7) ________________________________________________________
2025 жылғы "____" _____________
Өтініш берушінің қолы ___________