2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы

2025-2027 жылдарға  арналған

аудандық бюджет туралы

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және аудан әкімдігімен ұсынылған 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет жобасын қарап, Жылыой аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 

  1. 2025-2027 жылдарға арналған аудандық  бюджет  тиісінше  1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға келесідей көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 228 639 542 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер  – 225 272 236 мың теңге;

салықтық емес түсімдер  – 46 300 мың теңге;  

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер  – 128 500  мың теңге;

трансферттер түсімдері – 3 192 506 мың теңге;

2) шығындар – 228 639 542 мың теңге;

  • таза бюджеттік несиелендіру – 17 212 мың теңге, оның ішінде:     

бюджеттік несиелер – 23 592 мың теңге;

бюджеттік несиелерді өтеу – 6 380 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) –  - 17 212 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)–                            17 212  мың теңге:

қарыздар түсімі – 23 592 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 6 380 мың теңге;

  1. Аудан бюджетінен облыстық бюджетке бюджеттік алымдардың 2025 жылға арналған көлемі 99 382 539 мың теңге сомасында белгіленсін.
  2. Аудандық бюджеттен қала, кент, ауылдық округтер бюджеттеріне берілетін субвенциялар көлемдері 2025 жылға 369 595 мың теңге сомасында белгіленсін, оның ішінде:

Құлсары қаласы – 152 111 мың теңге;

Жаңа-Қаратон кентіне – 30 522 мың теңге;

Жем ауылдық округіне – 39 822  мың теңге;

Қосшағыл ауылдық округіне – 34 100 мың теңге;

Қара-Арна ауылдық округіне – 35 615 мың теңге.

Майкөмген ауылдық округіне – 38 159 мың теңге;

Ақкиізтоғай ауылдық округіне – 39 266 мың теңге.

  1. 2025 жылға аудандық бюджетте ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, кент, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне жүз еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір жолғы көтерме жәрдемақы және екі мың еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тұрғын үй сатып алуға немесе салу үшін бюджеттік кредиттер көзделгені ескерілсін.
  2. 5. 2025 жылға жергілікті атқарушы органдарының резерві 4 530 241 мың теңге сомасында бекітілсін.
  3. 2025 жылға арналған аудандық бюджетте мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдарға
    23 592 мың теңге сомасында бюджеттiк кредиттер көзделгенi ескерiлсiн.
  4. 2025 жылға арналған аудандық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры есебінен 500 000 мың теңге сомасында нысаналы даму трансферттері ескерілсін, оның ішінде:

шағын және моноқалалардағы бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға –500 000 мың теңге;

  1. 2025 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджет есебінен 2 289 705 мың теңге сомасында нысаналы даму трансферттері ескерілсін, оның ішінде:

инженерлік –коммуникациялық инфрақұрылымдарды дамытуға – 500 000 мың теңге;

елді мекендердің жарық жүйесін дамытуға- 161 979 мың теңге;

абаттандыру объектілерін дамытуға- 127 726 мың теңге;

көлік инфрақұрылымын дамытуға- 1 500 000 мың теңге.

  1. Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

 

Мәслихат төрағасы                                                                           Қ.Мыңбаев

2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы
Дата публикации
23 января 2025