Аудандық мәслихат депутаттарының есіне!

«Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті  мемлекеттік   басқару және өзін-өзі басқару  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Заңының   10 бабының           2-тармағына және 19 бабының 3-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес  аудандық  мәслихат    төрағасы 2024   жылғы 25 желтоқсанда сағат  10.00-де  аудандық  әкімдіктің мәжіліс залында  өтетін  аудандық  мәслихаттың кезекті               26  сессиясын  шақыру  туралы  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ.

Сессияның қарауына  төмендегі  мәселелер  енгізілді:

  1. 2025-2027 жылдарға арналған Құлсары қаласының, Жаңа Қаратон кентінің, Жем, Қосшағыл, Қара-Арна, Майкөмген, Ақкиізтоғай ауылдық округтерінің бюджеттері туралы.
  2. Басқа да мәселелер.

Аудандық  мәслихаттың  тұрақты  комиссияларының  бірлескен  мәжілісі  2024 жылғы 25 желтоқсанда сағат 09.00-де өткізіледі.

 

    Жылыой  аудандық  мәслихаты

Аудандық мәслихат депутаттарының есіне!
Дата публикации
13 декабря 2024