«2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Жылыой аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 желтоқсандағы №10-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Жылыой аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 -қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға келесідей көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 214 658 964,3 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 211 317 496 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 205 143 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 136 789 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 2 998 184,3 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер –1 352 мың теңге;
2) шығындар – 219 103 148,3 мың теңге;
бюджеттік несиелер – 14 768 мың теңге;
бюджеттік несиелерді өтеу – 5 395 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 4 453 557 мың теңге;
6)бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)– 4 453 557 мың теңге:
қарыздар түсімі – 14 768 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 5 395 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 4 444 184 мың теңге.»
Мәслихат төрағасының
уақытша міндетін атқарушы С.Мамбетова