Аудандық мәслихат депутаттарының есіне!

Аудандық  мәслихат  депутаттарының  есіне!

 

«Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті  мемлекеттік   басқару және өзін-өзі басқару  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Заңының   10 бабының           2-тармағына және 19 бабының 3-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес  аудандық  мәслихат    төрағасы 2024   жылғы 20 қыркүйекте сағат  11.00-де  аудандық  мәслихаттың  мәжіліс  залында  өтетін  аудандық  мәслихаттың кезекті 23 сессиясын  шақыру  туралы  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ.

Сессияның қарауына  төмендегі  мәселелер  енгізілді:

1) Ауданның тұрғын үй-коммуналдық және әлеуметтік салалар объектілерінің 2024-2025 жылдардың күзгі-қысқы кезеңіне дайындығы туралы.

2) Жылыой ауданындағы халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау және оңалту шаралары туралы.

3) Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде кездесетін проблемалық мәселелер туралы.

4) Басқа да мәселелер.

 

    Жылыой  аудандық  мәслихаты

Аудандық мәслихат депутаттарының есіне!
Дата публикации
09 сентября 2024