Жылыой аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 51-2 «Жылыой ауданында бейбіт жиналыстарды өткізу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Жылыой аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Жылыой аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №51-2 «Жылыой ауданында бейбіт жиналыстарды өткізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4743 болып тіркелген) шешіміне төмендегідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау Жылыой аудандық мәслихатының әлеуметтік сала, құқық, коммуналдық шаруашылық, құрылыс, өндіріс, ауылшаруашылығы және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Мәслихат төрағасы
|
|
Қ. Мыңбаев
|