Саяси партиялар мен қоғамдық
бірлестіктердің басшыларының назарына!
Жылыой аудандық мәслихаты Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10 бабына сәйкес Жылыой аудандық учаскелік сайлау комиссияларының шығып калған мүшелерінің орнына мүше сайлайтыны туралы хабарлайды.
Осыған орай, кандидаттар туралы ұсыныстар 2024 жылдың 01-15 тамыз аралығында аудандық мәслихатқа мына мекен-жайға ұсынылуы керек:
Құлсары қаласы, Махамбет даңғылы, 20, Жылыой аудандық мәслихатының аппараты.
Байланыс телефоны:8(712 37)5-13-99
Құжаттарды қабылдау уақыты: сенбі, жексенбі күндерінен басқа күндері сағат 08-30 дан 18-00 ге дейін.
Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер учаскелік сайлау комиссияларының мүшелігіне кандидат туралы ұсынысын Жылыой аудандық мәслихат төрағасы Мыңбаев Қанат Қалдығұлұлының атына жолдайды. Оған:
құрылымдық бөлімшелерінің тіркелгендігі туралы құжаттың көшірмесі;
бергендігі туралы тиісті мәслихатқа өтініші қоса тіркеледі;
|
Р/с |
Сайлау комиссиясы түрі |
Шығып қалған комиссия мүшесі қай партиядан немесе қоғамдық бірлестіктен ұсынылған |
|
1 |
Учаскелік сайлау комиссиясы №97 |
«Ауыл» Халықтық-Демократиялық Патриоттық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Атырау облысы бойынша филиалы |
|
2 |
Учаскелік сайлау комиссиясы №98 |
«Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалы |
|
3 |
Учаскелік сайлау комиссиясы №102 |
«Атырау облыстық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Жылыой аудандық филиалы |
|
4 |
Учаскелік сайлау комиссиясы №103 |
«Атырау облыстық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Жылыой аудандық филиалы |
|
5 |
Учаскелік сайлау комиссиясы №238 |
«Ардагерлер кеңесі» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Жылыой аудандық филиалы |
Жылыой аудандық мәслихаты