Жылыой ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы

Жылыой ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы, 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы №117 «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №33763 болып тіркелген) сәйкес, Жылыой аудандық мәслихаты            

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Жылыой ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі айқындалсын.
  2. 2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Жылыой аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Мәслихат төрағасы

 

Қ. Мыңбаев

 

Жылыой ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы
Дата публикации
26 июня 2024