«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабының 2-тармағына және 19 бабының 3-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат төрағасы 2024 жылғы 21 маусымда сағат 11.00-де аудандық мәслихаттың мәжіліс залында өтетін аудандық мәслихаттың кезекті 19 сессиясын шақыру туралы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ.
Сессияның қарауына төмендегі мәселелер енгізілді:
- 2023 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы.
- 2023 жылға арналған Құлсары қаласы, Жаңа Қаратон кенті, Жем, Қосшағыл, Қара Арна, Майкөмген және Ақкиізтоғай ауылдық округтері бюджеттерінің атқарылуы туралы.
- Атырау облысы тексеру комиссиясының 2023 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есебі туралы.
- Жергілікті атқарушы органның Жылыой ауданы бойынша автомобиль жолдарын салуды, реконструкциялауды, жөндеуді және күтіп ұстауды ұйымдастыру жөніндегі 2023 жылғы жұмысы туралы.
- Басқа да мәселелер.
Жылыой аудандық мәслихаты