Аудандық мәслихат депутаттарының есіне!

Аудандық  мәслихат  депутаттарының  есіне!

 

«Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті  мемлекеттік   басқару және өзін-өзі басқару  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Заңының   10 бабының           2-тармағына және 19 бабының        3-тармағының 1-1) тармақшасына   сәйкес  аудандық  мәслихат    төрағасы 2024 жылғы 20 наурызда сағат  11.00-де  аудандық  әкімдіктің  мәжіліс  залында  өтетін  аудандық  мәслихаттың кезекті 15 сессиясын  шақыру  туралы  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ.

Сессияның қарауына  төмендегі  мәселелер  енгізілді:

  1. Жылыой ауданы экономикасы мен әлеуметтік саласының 2023 жылғы даму қорытындылары және 2024 жылғы іс-қимылдары жөніндегі аудан әкімінің есебі туралы.
  2. 2023 жылы атқарылған жұмыстар туралы Жылыой аудандық мәслихат төрағасының есебі.
  3. Жылыой аудандық мәслихатының әлеуметтік сала, құқық, коммуналдық шаруашылық, құрылыс, өндіріс, ауылшаруашылығы және экология мәселелері жөніндегі комиссиясының 2023 жылғы атқарған жұмысы туралы есебі.
  4. Жылыой аудандық мәслихатының бюджет, қаржы, экономика және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі комиссиясының 2023 жылғы атқарған жұмысы туралы есебі.
  5. Басқа да мәселелер.

Аудандық  мәслихаттың  тұрақты  комиссияларының  бірлескен  мәжілісі  2024 жылғы 20 наурызда сағат 09.00-де өткізіледі.

         

    Жылыой  аудандық  мәслихаты

 

Аудандық мәслихат депутаттарының есіне!
Дата публикации
06 марта 2024