2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы

2024-2026 жылдарға  арналған

аудандық бюджет туралы

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және аудан әкімдігімен ұсынылған 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет жобасын қарап, Жылыой аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 

  1. 2024-2026 жылдарға арналған  аудандық  бюджет  тиісінше  1, 2 және 3 - қосымшаларға сәйкес, оның  ішінде 2024 жылға келесідей көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер –  113 445 406 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер  – 106 813 301 мың теңге;

салықтық емес түсімдер  – 65 500 мың теңге;  

         негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер  – 128 500  мың теңге; 

          трансферттер түсімдері- 6 438 105 мың теңге;

         2) шығындар – 113 445 406 мың теңге;

3)таза бюджеттік несиелендіру – 14 768 мың теңге, оның ішінде:     

бюджеттік несиелер – 14 768 мың теңге;

бюджеттік несиелерді өтеу – 0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) –  - 14 768 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –                             14 768  мың теңге:

қарыздар түсімі –  14 768 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 мың теңге.

  1. Аудан бюджетінен облыстық бюджетке бюджеттік алымдардың 2024 жылға арналған көлемі 95 574 196 мың теңге сомасында белгіленсін.
  2. Аудандық бюджеттен қала, кент, ауылдық округтер бюджеттеріне берілетін субвенциялар көлемдері 2024 жылға 127 795 мың теңге сомасында көзделсін, оның ішінде:

Жаңа-Қаратон кентіне – 31 773 мың теңге;

Жем ауылдық округіне – 20 887 мың теңге;

Қосшағыл ауылдық округіне – 19 688 мың теңге;

Қара-Арна ауылдық округіне – 17 266 мың теңге;

Майкөмген ауылдық округіне – 19 112 мың теңге;

Ақкиізтоғай ауылдық округіне – 19 069 мың теңге.

  1. 2024 жылға аудандық бюджетте ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, кент, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне жүз еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір жолғы көтерме жәрдемақы және екі мың еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тұрғын үй сатып алуға немесе салу үшін бюджеттік кредиттер көзделгені ескерілсін.
  2. 5. 2024 жылға жергілікті атқарушы органдарының резерві 2 147 953 мың теңге сомасында бекітілсін.
  3. 2024 жылға арналған аудандық бюджетте мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдарға
    14 768 мың теңге сомасында бюджеттiк кредиттер көзделгенi ескерiлсiн.
  4. 2024 жылға арналған аудандық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры есебінен 2 478 415 мың теңге сомасында нысаналы даму трансферттері ескерілсін, оның ішінде:

шағын және моноқалалардағы бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға –2 333 000 мың теңге;

инженерлік –коммуникациялық инфрақұрылымдарды дамытуға –    145 415 мың теңге.

  1. 2024 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджет есебінен 3 077 433 мың теңге сомасында нысаналы даму трансферттері ескерілсін, оның ішінде:

жылу энергетикалық жүйені дамытуға- 1 050 000 мың теңге;

елді мекендердің жарық жүйесін дамытуға- 600 000 мың теңге;

абаттандыру объектілерін дамытуға- 1 300 000 мың теңге;

спорт объектілерін дамытуға- 127 433 мың теңге.

  1. Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

 

 Мәслихат  төрағасы                                                                    Қ.Мыңбаев                                                                 

 

2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы
Дата публикации
05 января 2024