Жылыой аудандық аумақтық және
учаскелік сайлау комиссияларының
мүшелерін сайлау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 7-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 10 бабының 3 тармағына сәйкес Жылыой аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.Жылыой ауданындағы аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері қосымшаға сәйкес сайлансын.
2.Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат
төрағасы Қ.Мыңбаев