«2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Жылыой аудандық мәслихатының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 27-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Жылыой аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Жылыой аудандық мәслихатының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 27-1 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 - қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға келесідей көлемдерде бекітілсін:
- кірістер – 74 406 036 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 64 265 942 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 108 450 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 85 898 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 9 945 746 мың теңге;
- шығындар – 77 595 718 мың теңге;
- бюджеттік несиелендіру – 11 165 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік несиелер – 15 525 мың теңге;
бюджеттік несиелерді өтеу – 4 360 мың теңге;
- қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
- бюджет тапшылығы (профициті) – - 3 200 847 мың теңге;
- бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 3 200 847 мың теңге:
қарыздар түсімі – 15 525 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 4 360 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 3 189 682 мың теңге.»
- Көрсетілген шешімге 1 қосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Осы шешім 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Мәслихат төрағасы Қ.Мыңбаев