Аудандық мәслихат депутаттарының есіне!

Аудандық  мәслихат  депутаттарының  есіне!

 

«Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті  мемлекеттік   басқару және өзін-өзі басқару  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Заңының   10 бабының           2-тармағына және 19 бабының        3-тармағының 1-1) тармақшасына   сәйкес  аудандық  мәслихат    төрағасы 2023 жылғы 20 желтоқсанда сағат  11.00-де  аудандық  әкімдіктің  мәжіліс  залында  өтетін  аудандық  мәслихаттың кезекті 10 сессиясын  шақыру  туралы  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ.

Сессияның қарауына  төмендегі  мәселелер  енгізілді:

  1. 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы.
  2. «Теңізшевройл» ЖШС-мен Жылыой ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына бөлінген қаржының игерілуі және алдағы жоспарлар туралы.
  3. Басқа да мәселелер.

Аудандық  мәслихаттың  тұрақты  комиссияларының  бірлескен  мәжілісі  2023 жылғы 20 желтоқсанда сағат 09.00-де өткізіледі.

        

    Жылыой  аудандық  мәслихаты

Аудандық мәслихат депутаттарының есіне!
Дата публикации
11 декабря 2023