Саяси партиялар мен қоғамдық
бірлестіктердің басшыларының назарына!
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 10 бабына сәйкес Жылыой аудандық мәслихаты аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамын сайлайтыны туралы хабарлайды.
Аумақтық сайлау комиссиясы жеті адамнан құрылады.
Учаскелік комиссиялардың сандық құрамы аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен учаскелер бойынша сайлаушылардың санына байланысты белгіленген.
Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі - бес жыл.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Осыған орай, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер кандидаттар туралы ұсыныстарды 2023 жылдың 10 қарашасынан бастап 01 желтоқсанға дейін аудандық мәслихатқа мынадай құжаттармен қатар тапсырады:
1) белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматта сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер;
2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы шешімінен үзінді көшірме;
3)саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері.
Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер нысандары, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуға тиіс.
Аумақтық сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерінің білім деңгейіне, жұмыс өтіліне және (немесе) жұмыс тәжірибесіне, аумақтық сайлау комиссиясы мүшесінің міндеттерін орындау үшін қажетті кәсіби құзыреттеріне белгіленген бекітілген Біліктілік талаптарына сәйкес келуге, сондай-ақ сайлау туралы заңнаманы білуге арналған тестілеуден "Сайлау комиссияларының мүшелерін қашықтықтан оқыту және тестілеу" Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында кіші жүйе арқылы өткені туралы сертификатқа ие болуға тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның қызметкерлері болуға тиіс емес.
Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөрмен куәландырылуы және орындалған күні, орындаушы туралы белгі, тегі, аты-жөні және телефон нөмірі көрсетілуі тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2023 жылғы 1 желтоқсанға дейін дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, үзіліс сағат 12:30-дан 14:00-ге дейін жүзеге асырылады.
Мыңбаев Қанат Қалдығұлұлы - Жылыой аудандық мәслихатының төрағасы.
Мәслихаттың орналасқан жері: Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, Махамбет даңғылы, 26. Жауапты тұлға-Байжумиева Салтанат Тұрешқызы, каб. №5, р / т 8 (712 37) 5-13-99, с / т 87016223076, э / п zhylyoi_maslihat2014@mail.ru.
Жылыой аудандық мәслихаты аудандық аумақтық және 24 учаскелік комиссияларының мүшелерін сайлайды.
|
р/с |
Сайлау комиссиясының нөмірі |
Сайлау комиссиясының орналасқан орны |
Сайлау комиссиясы мүшелерінің саны |
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
|
|||
|
1. |
|
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, Махамбет даңғылы, 20, аудандық экономика және қаржы бөлімінің ғимараты. |
7 |
|
Учаскелік сайлау комиссиялары
|
|||
|
2 |
№93 |
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, Махамбет даңғылы, 136, «№1 жалпы орта білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесінің ғимараты. |
9 |
|
3 |
№94 |
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, Махамбет даңғылы, 37, «Кең Жылыой» мәдениет үйінің ғимараты. |
9 |
|
4 |
№95 |
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, Күржіманұлы Қашаған көшесі, 53, «№7 Е.Халықов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесінің ғимараты. |
9 |
|
5 |
№96 |
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, Дүйсенғали Әжіғалиев көшесі, 67, «№5 Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесінің ғимараты. |
9 |
|
6 |
№97 |
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, Махамбет даңғылы, 102, «№9 жалпы орта білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесінің ғимараты. |
9 |
|
7 |
№98 |
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, Арон Қорғанбаев көшесі, 50, «№15 Сүлеймен Карабалин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесінің ғимараты. |
9 |
|
8 |
№99 |
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, Жүсіпбек Аймауытов көшесі, 29, «№13 жалпы орта білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесінің ғимараты. |
9 |
|
9 |
№100 |
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, Балуан Шолақ көшесі, 1, «№20 жалпы орта білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесінің ғимараты. |
9 |
|
10 |
№101 |
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, №217 көше, 42, «№16 Д.Жазықбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесінің ғимараты. |
9 |
|
11 |
№102 |
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, №221 көше, 59, «№18 М.Сатыбалдиев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесінің ғимараты. |
9 |
|
12 |
№103 |
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Жаңа Қаратон кенті, Боран Ержанов көшесі, 642, «№22 жалпы орта білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесінің» ғимараты. |
9 |
|
13 |
№104 |
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Жаңа Қаратон кенті, Балағұл Рзиев көшесі, 883, «№23 жалпы орта білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесінің ғимараты. |
7 |
|
14 |
№105 |
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Қосшағыл ауылдық округі, Қосшағыл ауылы, Қамыскөл көшесі, 79, Қосшағыл мәдениет үйінің ғимараты. |
9 |
|
15 |
№106 |
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Жем ауылдық округі, Тұрғызба ауылы, Бөкен би көшесі, 409, «№4 М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесінің ғимараты. |
9 |
|
16 |
№107 |
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Қара Арна ауылдық округі, Шоқпартоғай ауылы, Татан Дешенов көшесі, 378, «№3 жалпы орта білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесінің ғимараты. |
7 |
|
17 |
№108 |
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Ақкиізтоғай ауылдық округі, Ақкиізтоғай ауылы, Сүйінбай Аронұлы көшесі, 210, «№10 Амангелді атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесінің ғимараты. |
7 |
|
18 |
№109 |
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Майкөмген ауылдық округі, Майкөмген ауылы, Ақтан Керейұлы көшесі, 56, «№17 жалпы орта білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесінің ғимараты. |
7 |
|
19 |
№235 |
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, №62 көше, 3, «№21 жалпы орта білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесінің ғимараты. |
9 |
|
20 |
№237 |
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, Нұрмағанбет Арқабаев көшесі, 22, «№19 жалпы орта білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесінің ғимараты. |
9 |
|
21 |
№238 |
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, №119 көше, 8, «№8 жалпы орта білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесінің ғимараты. |
9 |
|
22 |
№239 |
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, Ыбырай Алтынсарин көшесі, 160, «Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ғимараты. |
9 |
|
23 |
№258 |
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, №217 көше, 42, «№16 Д.Жазықбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесінің ғимараты. |
9 |
|
24 |
№259 |
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, №221 көше, 59, «№18 М.Сатыбалдиев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесінің ғимараты. |
9 |
|
25 |
№260 |
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, №62 көше, 3, «№21 жалпы орта білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесінің ғимараты. |
9 |
Жылыой аудандық мәслихаты