Құлсары қаласының көшелеріне атау беру және саябақтарына белгіленген атаулар беру туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы»
Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабының 5-1) тармақшасына, қала
тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика
комиссиясының 2022 жылғы 11 қазандағы қорытындысы негізінде, Жылыой
ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жылыой аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Құлсары қаласының көшелеріне келесі атаулар берілсін:
1) № 89 көшеге – Хиуаз Доспанова көшесі;
2) № 88 көшеге – Мұқағали Мақатаев;
3) № 90 көшеге – Шара Жиенқұлова көшесі;
4) № 59 көшеге – Жерұйық көшесі;
5) № 56 көшеге – Үстірт көшесі;
6) № 64 көшеге – Мұғалжар көшесі;
7) № 58 көшеге – Байқоныс көшесі;
8) № 65 көшеге – Құлагер көшесі;
9) № 66 көшеге – Азаттық көшесі;
10) № 37 көшеге – Шаттық көшесі;
11) № 122 көшеге – Көшім Қалышев көшесі;
12) № 240 көшеге – Түймеш Сәбетова көшесі;
13) № 53 көшеге – Жолдыбай Құлекенов көшесі;
14) № 185 көшеге – Ақмырза Жарылғасов көшесі;
15) № 215 көшеге – Манап Ғалимов көшесі;
16) № 109 көшеге – Үтбай Бисембаев көшесі.
2. Келесі саябақтарға атаулар (белгіленген атаулар) берілсін:
1) Құлсары қаласындағы (белгіленген атау) «Достық» саябағы;
2) Құлсары қаласындағы (белгіленген атау) «Нұрсая» саябағы;
3) Құлсары қаласындағы (белгіленген атау) «Жансая» саябағы;
4) Құлсары қаласындағы (белгіленген атау) «Жеңіс» саябағы;
3. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жылыой ауданы әкімі Ж. Қаражанов
Жылыой аудандық мәслихат хатшысы Қ. Мыңбаев