Құлсары қаласының көшелеріне атау беру туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы»
Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабының 5-1) тармақшасына сәйкес, қала
тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика
комиссиясының 2022 жылғы 18 мамырдағы қорытындысы негізінде, Жылыой
ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жылыой аудандық мәслихаты ШЕШІМ
ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Құлсары қаласындағы көшелерге келесі атаулар берілсін:
1) № 57 көшеге – Күлара Досмұхамбетова көшесі;
2) № 41 көшеге – Дәулеталы батыр көшесі;
3) № 23 көшеге – Халел Ғаббасұлы көшесі;
4) № 24 көшеге – Бақтыкерей Құлманұлы көшесі;
5) № 25 көшеге – Базарбай Мәметұлы көшесі;
6) № 26 көшеге – Уәлитхан Танашев көшесі;
7) № 27көшеге – Айдархан Тұрлыбайұлы көшесі;
8) № 28 көшеге – Елдес Омарұлы көшесі.
2. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жылыой ауданы әкімі Ж. Қаражанов
Жылыой аудандық мәслихат төрағасы Қ. Мыңбаев