«2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Жылыой аудандық мәслихатының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы №27-1шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«2023-2025 жылдарға  арналған аудандық бюджет туралы» Жылыой аудандық мәслихатының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы №27-1шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Жылыой аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 

  1. «2023-2025 жылдарға арналған  аудандық  бюджет  туралы» Жылыой аудандық мәслихатының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы №27-1 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2023-2025  жылдарға  арналған  аудандық  бюджет  тиісінше  1, 2 және 3 -қосымшаларға сәйкес, оның  ішінде 2023 жылға келесідей көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 76 679 179 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 66 468 974 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 99 119 мың теңге;  

         негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер –

132 037  мың теңге; 

          трансферттер түсімдері – 9 979 049 мың теңге;

          2) шығындар – 79 868 861 мың теңге;

  • таза бюджеттік несиелендіру – 11 165 мың теңге, оның ішінде:     

бюджеттік несиелер – 15 525 мың теңге;

бюджеттік несиелерді өтеу – 4 360 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 3 200 847 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –    3 200 847  мың теңге:

қарыздар түсімі – 15 525 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 4 360 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 3 189 682 мың теңге.»

  1. Көрсетілген шешімге 1 қосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
  2. Осы шешім 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

 

Мәслихат төрағасы                                                              Қ.Мыңбаев

 

«2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Жылыой аудандық мәслихатының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы №27-1шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
05 октября 2023