Аудандық мәслихат депутаттарының есіне!

Аудандық  мәслихат  депутаттарының  есіне!

 

«Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті  мемлекеттік   басқару және өзін-өзі басқару  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Заңының   10 бабының           2-тармағына және 19 бабының 3-тармағының 1-1) тармақшасына   сәйкес  аудандық  мәслихат    төрағасы 2023   жылғы 18 қыркүйекте сағат  11.00-де  аудандық  әкімдіктің  мәжіліс  залында  өтетін  аудандық  мәслихаттың кезекті 6 сессиясын  шақыру  туралы  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ.

Сессияның қарауына  төмендегі  мәселелер  енгізілді:

  1. Ауданның тұрғын үй - коммуналдық және әлеуметтік салалар объектілерінің 2023-2024 жылдардың күзгі-қысқы кезеңіне дайындығы туралы.
  2. Жылыой ауданының халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысы туралы.
  3. Жылыой ауданының жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспардың іске асырылуы туралы.
  4. Аудан тұрғындарын электр энергиясымен қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстары туралы.
  5. Жылыой ауданында тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау, анықтау, есепке алу, сақтау, зерделеу және пайдалану бойынша атқарылып жатырған жұмыстар туралы.
  6. Басқа да мәселелер.

Аудандық  мәслихаттың  тұрақты  комиссияларының  бірлескен  мәжілісі  2023 жылғы 18 қыркүйекте сағат 09.00-де өткізіледі.

        

    Жылыой  аудандық  мәслихатын

 

Аудандық мәслихат депутаттарының есіне!
Дата публикации
07 сентября 2023