Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің басшыларының назарына!

Саяси партиялар мен қоғамдық

бірлестіктердің басшыларының назарына!

Жылыой аудандық мәслихаты Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10 бабына сәйкес Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шығып калған мүшесінің  орнына мүше сайлайтыны туралы хабарлайды.

         Осыған орай, кандидаттар туралы ұсыныстар 2023 жылдың 25 тамыз -05 қыркүйек аралығында аудандық мәслихатқа мына мекен-жайға ұсынылуы керек:

Құлсары қаласы,  Махамбет даңғылы, 26, 5 -бөлме.

Байланыс телефоны:8(712 37)5-13-99

Құжаттарды қабылдау уақыты: сенбі, жексенбі күндерінен басқа күндері сағат 08-30 дан  18-00 гедейін.

         Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелігіне кандидат туралы ұсынысын Жылыой аудандық мәслихатының төрағасы Мыңбаев Қанат Қалдығұлұлының атына жолдайды. Оған:  

  • тиісті аумақтық сайлау комиссиясының құрамына кандидаттар ұсыну туралы саяси партия органының, өзге қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің отырысы хаттамасынан үзінді көшірме;
  • саяси партияның немесе басқа да қоғамдық бірлестіктің, олардың

құрылымдық бөлімшелерінің Әділет органдарында тіркелгендігі туралы құжаттың көшірмесі;

  • кандидаттың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім

бергендігі туралы тиісті мәслихатқа өтініші қоса тіркеледі;

  • кандидаттың жеке куәлігінің көшірмесі.

Аумақтық сайлау комиссиясының мүшелігіне ұсынылатын кандидат қосымша берілген аумақтық сайлау комиссияларының мүшелеріне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келуі міндетті.

 

Р/с

Сайлау комиссиясы түрі

Шығып қалған комиссия мүшесі қай партиядан немесе қоғамдық бірлестіктен ұсынылған

1

Аумақтық сайлау комиссиясы

«Құлсары қаласы мүгедектері»  қоғамдық бірлестігі

 

Жылыой аудандық мәслихаты

 

Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің басшыларының назарына!
Дата публикации
25 августа 2023