«Жылыой ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

«Жылыой ауданы мәслихатының

 аппараты»  мемлекеттік мекемесінің

 Ережесін бекіту туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының  8, 25 баптарына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27 бабына, және   Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы                      1 қыркүйектегі №590 «Мемлекеттік органдар мен олардың  құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:

  1. Қоса беріліп отырған «Жылыой ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
  2. Жылыой аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 желтоқсандағы №30-3 «Жылыой ауданы мәслихатының аппараты»  мемлекеттік мекемесінің  Ережесін бекіту туралы» шешімі  жойылсын.
  3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жылыой аудандық мәслихат аппаратының басшысы Н.Бектембаеваға жүктелсін.
  4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

         

Мәслихат төрағасы                                                              Қ.Мыңбаев

 

«Жылыой ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы
Дата публикации
07 июня 2023