Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің басшыларының назарына!

Саяси партиялар мен қоғамдық

бірлестіктердің басшыларының назарына!

 

Жылыой аудандық мәслихаты Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10 бабына сәйкес Жылыой аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының шығып калған мүшелерінің орнына мүше сайлайтыны туралы хабарлайды.

         Осыған орай, кандидаттар туралы ұсыныстар 2023 жылдың 10-23 мамыр аралығында аудандық мәслихатқа мына мекен-жайға ұсынылуы керек:

Құлсары қаласы,  Махамбет даңғылы, 26, 5 -бөлме.

Байланыс телефоны:8(712 37)5-13-99

Құжаттарды қабылдау уақыты: сенбі, жексенбі күндерінен басқа күндері сағат 08-30 дан  18-00 ге дейін.

         Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелігіне кандидат туралы ұсынысын Жылыой аудандық мәслихатының төрағасы Мыңбаев Қанат Қалдығұлұлының атына жолдайды. Оған:  

  • тиісті аумақтық және учаскелік сайлау комиссиясының құрамына кандидаттар ұсыну туралы саяси партия органының, өзге қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің отырысы хаттамасынан үзінді көшірме;
  • саяси партияның немесе басқа да қоғамдық бірлестіктің, олардың

құрылымдық бөлімшелерінің Әділет органдарында тіркелгендігі туралы құжаттың көшірмесі;

  • кандидаттың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім

бергендігі туралы тиісті мәслихатқа өтініші қоса тіркеледі;

  • кандидаттың жеке куәлігінің көшірмесі.

 

Аумақтық сайлау комиссиясының мүшелігіне ұсынылатын кандидат қосымша берілген аумақтық сайлау комиссияларының мүшелеріне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келуі міндетті.

 

Р/с

Сайлаукомиссиясытүрі

Участок нөмірі

Шығып қалған комиссия мүшесі қай партиядан немесе қоғамдық бірлестіктен ұсынылған

1

Аумақтық сайлау комиссиясы

 

«Ардагерлер ұйымы» РҚБ

2

Учаскелік

№93

«Жылыой кәсіпкерлері» қоғамдық бірлестігі

3

Учаскелік

№94

«Атырау облысының мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі

4

Учаскелік

№98

Қазақстан  Халық партиясы

5

Учаскелік

№100

«Ақжол» Қазақстанның демократиялық партиясы

6

Учаскелік

№100

«Бірлік» саяси партиясы

7

Учаскелік

№102

«Бірлік» саяси партиясы

8

Учаскелік

№103

«Nur Otan»партиясы

9

Учаскелік

№105

«Ақжол» Қазақстанныңдемократиялықпартиясы

10

Учаскелік

№106

«Құлсары қаласы мүгедектері» қоғамдық бірлестігі

11

Учаскелік

№107

«Жүрек жылуы» қоғамдық бірлестігі

12

Учаскелік

№107

«Ақжол» Қазақстанныңдемократиялықпартиясы

13

Учаскелік

№235

«AMANAT» партиясы

14

Учаскелік

№235

«Ақжол» Қазақстанныңдемократиялықпартиясы

15

Учаскелік

№238

«Құлсары қаласы мүгедектері» қоғамдық бірлестігі

16

Учаскелік

№259

«Бірлік» саяси партиясы

 

Жылыой аудандық мәслихаты

Вниманию руководителей политических партий и общественных объединений!
Дата публикации
10 мая 2023