Аудандық мәслихат депутаттарының есіне!

Аудандық  мәслихат  депутаттарының  есіне!

«Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті  мемлекеттік   басқару және өзін-өзі басқару  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Заңының   10 бабының           2-тармағына және 19 бабының        3-тармағының 1-1) тармақшасына   сәйкес  аудандық  мәслихат    төрағасы 2023   жылғы 25 сәуірде сағат  11.00-де  аудандық  әкімдіктің  мәжіліс  залында  өтетін  аудандық  мәслихаттың кезекті 2 сессиясын  шақыру  туралы  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ.

Кезекті 2 сессияның қарауына  төмендегі  мәселелер  енгізілді:

  1. Жылыой ауданы экономикасы мен әлеуметтік саласының 2022 жылғы даму қорытындылары және 2023 жылғы іс-қимылдары жөніндегі аудан әкімінің есебі туралы.
  2. Атырау облыстық Экология департаментінің Жылыой ауданында қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру бойынша 2022 жылы жасалған жұмыстары және алдағы жоспарлары туралы.
  3. Аудандағы білім берудегі өзекті және проблемалық мәселелер туралы.
  4. Басқа да мәселелер.

Аудандық  мәслихаттың  тұрақты  комиссияларының  бірлескен  мәжілісі  2023 жылғы 25 сәуірде сағат 09.00-де өткізіледі.

        Жылыой  аудандық  мәслихаты

 

Аудандық мәслихат депутаттарының есіне!
Дата публикации
13 апреля 2023