Жылыой аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 34-4 «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын айқындау тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жылыой аудандық мәслихатының   2015 жылғы 23 қарашадағы № 34-4  «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын айқындау тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер мен

толықтыру енгізу туралы

 

 

Жылыой аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Жылыой аудандық мәслихатының «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын айқындау тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы № 34-4 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3371 болып тіркелген) келесідей өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

         көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

         «Жылыой ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы»;

         шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

         «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 16 бабына, «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 11 бабына сәйкес, Жылыой аудандық мәслихаты ШЕШТІ:»; 

         көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

         «1.Жылыой ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері, осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.»;

көрсетілген шешімнің 2-тармағы алып тасталсын;

         көрсетілген шешім осы шешімнің қосымшасына сәйкес қосымшамен толықтырылсын.    

  1.  Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.  

Аудандық мәслихат хатшысының  міндетін атқарушы

 

 

  

           С.Кенжеғалиев

Жылыой аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 34-4 «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын айқындау тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Дата публикации
21 декабря 2022