«Жылыой ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Жылыой ауданы мәслихатының 2015 жылғы 28 қазандағы №33-2 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 

 «Жылыой ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Жылыой ауданы мәслихатының 2015 жылғы

28 қазандағы №33-2  шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 

 

Жылыой аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. «Жылыой ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Жылыой аудандық мәслихатының 2015 жылғы 28 қазандағы №33-2 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде  №3352 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешімнің кіріспесі  жаңа редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының                    97-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы      30 желтоқсандағы №2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы»  қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі №512 «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес, Жылыой аудандық мәслихаты ШЕШТІ:».

  1. 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.  

 

 

 

Аудандық мәслихат хатшысының  міндетін атқарушы

 

 

  

           С.Кенжеғалиев

 

«Жылыой ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Жылыой ауданы мәслихатының 2015 жылғы 28 қазандағы №33-2 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Дата публикации
14 декабря 2022