Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің басшыларының назарына!

Саяси партиялар мен қоғамдық

бірлестіктердің басшыларының назарына!

 

Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10-бабы 3-тармағына сай, Жылыой аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша тиісті бір мандаттық аумақтық сайлау округтерінде жаңадан құрылған 11 округтік сайлау комиссияларының мүшелерін  сайлау жоспарланып отыр.

Округтік сайлау комиссияларының орналасқан жері:

  • Құлсары қаласы, Махамбет даңғылы, №37 үй, «Кең Жылыой» Жылыой аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
  • Құлсары қаласы, Қ.Күржіманұлы көшесі, №53 ғимарат, «№7 Е.Халықов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
  • Құлсары қаласы, Д.Әжіғалиев көшесі,№67 құрылыс, «№5 Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
  • Құлсары қаласы, Махамбет даңғылы, №102 ғимарат, «№9 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
  • Құлсары қаласы, А.Қорғанбаев көшесі, №50 үй, «№15 Сүлеймен Карабалин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты
  • Құлсары қаласы, 9 телімі, №160 үй, «Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ғимараты.
  • Құлсары қаласы, №119 көше, №8 ғимарат, «№8 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
  • Құлсары қаласы, №221 көше, №59 ғимарат, «№18 М.Сатыбалдиев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
  • Құлсары қаласы, №62 көше, №3 ғимарат, «№21 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты
  • Құлсары қаласы, №62 көше, №3 ғимарат, «№21 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты
  • Құлсары қаласы, №217 көше, №42 ғимарат, «№16 Д.Жазықбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

Сонымен қатар, Жылыой ауданындағы аумақтық сайлау комиссиясының шығып калған  мүшелерінің орнына мүше  сайлайтыны туралы хабарлайды:

Аумақтық сайлау комиссиясы – Қазақстан Халық партиясы

Аумақтық сайлау комиссиясы – «AMANAT» партиясы

            Осыған орай, кандидаттар туралы ұсыныстар 2022 жылдың     31 желтоқсаны - 2023 жылдың 14 қаңтары аралығында аудандық мәслихатқа мына мекен-жайға ұсынылуы керек:

 Құлсары қаласы,  Махамбет даңғылы - 26,  5 -бөлме.

Құжаттарды  жинауға жауапты тұлғаның аты-жөні:

Байжумиева Салтанат Төрешқызы.

Байланыс телефоны: 8/71237/ 5 - 13- 99

Электронды поштаның мекен-жайы: s.baizhumieva@maslihat-zhylyoi.gov.kz

Құжаттарды қабылдау уақыты: сенбі, жексенбі күндерінен басқа күндері сағат 9.00 дан  18.00 ге  дейін.

            Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелігіне ұсынылған кандидаттар тізімін Жылыой аудандық мәслихатының хатшысы Таласов Сайлаубай Сұлтанғалиұлының атына жолдайды. Оған:  

  • саяси партияның немесе басқа да қоғамдық бірлестіктің, олардың Жарғыға сай тиісті өкілеттігі бар құрылымдық бөлімшелерінің отырыстарының сайлау комиссиясына кандидат ұсыну туралы қаулыларынан көшірмелер;
  • саяси партияның немесе басқа да қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің Әділет органдарында тіркелгендігі туралы құжаттың көшірмесі;
  • кандидаттың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім бергендігі туралы тиісті мәслихатқа өтініші қоса тіркеледі;
  • кандидаттың жеке куәлігінің көшірмесі.

 

 

                                  Жылыой аудандық  мәслихаты

Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің басшыларының назарына!
Дата публикации
29 декабря 2022