Аудандық мәслихат депутаттарының есіне!

Аудандық  мәслихат  депутаттарының  есіне!

 

         «Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті  мемлекеттік   басқару және өзін-өзі басқару  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Заңының    19 бабының        3-тармағының 1-1) тармақшасына   сәйкес  аудандық  мәслихат    хатшысы  2022   жылғы   12 қазанда  сағат  10.00-де  аудандық  әкімдіктің  мәжіліс залында өтетін аудандық  мәслихаттың кезектен тыс 25 сессиясын  шақыру  туралы  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ.

         Сессияның  қарауына  төмендегі  мәселелер  енгізілді:

  1. «2022-2024 жылдарға арналған Құлсары қаласының, Жаңа Қаратон кентінің, Жем, Қосшағыл, Қара-Арна, Майкөмген және Ақкиізтоғай ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» Жылыой аудандық мәслихатының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы №15-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. Басқа да мәселелер.

Аудандық  мәслихаттың  тұрақты  комиссияларының  бірлескен  мәжілісі  2022 жылғы 12 қазанда  сағат 09.00-де өткізіледі.

 

    Жылыой  аудандық  мәслихаты

 

Аудандық мәслихат депутаттарының есіне!
Дата публикации
03 октября 2022