Аудандық мәслихат депутаттарының есіне!

Аудандық  мәслихат  депутаттарының  есіне!

 

         «Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті  мемлекеттік   басқару және өзін-өзі басқару  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Заңының    19 бабының        3-тармағының 1-1) тармақшасына   сәйкес  аудандық  мәслихат    хатшысы  2022   жылғы   қыркүйек  айының  30-ы  күні  сағат  10.00-де  аудандық  әкімдіктің  мәжіліс залында өтетін аудандық  мәслихаттың кезектен тыс 24 сессиясын  шақыру  туралы  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ.

         Сессияның  қарауына  төмендегі  мәселелер  енгізілді:

  1. «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Жылыой аудандық мәслихатының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы №14-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. Басқа да мәселелер.

Аудандық  мәслихаттың  тұрақты  комиссияларының  бірлескен  мәжілісі  2022 жылғы қыркүйек айының 30-ы күні сағат 09.00-де өткізіледі.

 

    Жылыой  аудандық  мәслихаты

Аудандық мәслихат депутаттарының есіне!
Дата публикации
26 сентября 2022