Жылыой аудандық мәслихат депутаттары мен аудан тұрғындарының назарына!

 

Жылыой аудандық  мәслихат  депутаттары мен аудан тұрғындарының назарына!

 «Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті  мемлекеттік   басқару және өзін-өзі басқару  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Заңының   10 бабының  2-тармағына және     19 бабының 3-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес  аудандық  мәслихат   төрағасы       2026   жылғы  23 қыркүйек сағат  11.00-де  аудандық  әкімдіктің  мәжіліс  залында  өтетін  аудандық  мәслихаттың кезекті 49 сессиясын  шақыру  туралы  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ.

Сессияның қарауына  төмендегі  мәселелер  енгізілді:

  1. Ауданның тұрғын үй - коммуналдық және әлеуметтік салалар объектілерінің 2026-2027 жылдардың күзгі-қысқы кезеңіне дайындығы туралы.
  2. Жем ауылдық округінің экономикасы мен әлеуметтік саласын дамытудағы атқарған жұмыстары жөніндегі округ әкімінің есебі туралы.
  3. Аудандық ішкі саясат бөлімінің 2025 жылы атқарған жұмыстары туралы.
  4. Жылыой ауданы бойынша 2025-2030 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспардың іске асырылуы туралы.
  5. Басқа да мәселелер.

Аудандық  мәслихаттың  тұрақты  комиссияларының  бірлескен  мәжілісі  2026 жылғы 23 қыркүйек сағат 09.00-да өткізіледі.

           

Жылыой  аудандық  мәслихаты

Жылыой аудандық мәслихат депутаттары мен аудан тұрғындарының назарына!
Дата публикации
11 сентября 2026