Саяси партиялар мен қоғамдық
бірлестіктердің басшыларының назарына!
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 10 бабына сәйкес Жылыой аудандық мәслихаты ауданда №289 жаңа сайлау учаскесінің ашылуына байланысты учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерін сайлайтыны туралы хабарлайды.
Учаскелік комиссияның сандық құрамы учаске бойынша сайлаушылардың санына байланысты белгіленген. (сайлаушылар саны-1200)
Сайлау комиссиясының өкілеттік мерзімі - бес жыл.
Әрбір саяси партия сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Осыған орай, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер кандидаттар туралы ұсыныстарды 2026 жылдың 29 маусымнан бастап 13 шілде аралығында аудандық мәслихатқа мынадай құжаттармен қатар тапсырады:
1) белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматта сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер;
2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы шешімінен үзінді көшірме;
3)саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері;
5)кандидаттың жеке басын куәландыратын құжат.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуға тиіс.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның қызметкерлері болуға тиіс емес.
Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөрмен куәландырылуы және орындалған күні, орындаушы туралы белгі, тегі, аты-жөні және телефон нөмірі көрсетілуі тиіс.
Кандидаттар туралы ұсыныстар аудандық мәслихатқа мына мекен-жайға ұсынылуы керек:
Құлсары қаласы, Махамбет даңғылы, 20, Жылыой аудандық мәслихатының аппараты.
Байланыс телефоны:8(712 37) 5-42-72
Құжаттарды қабылдау уақыты: сенбі, жексенбі күндерінен басқа күндері сағат 08.30-12.30 дан 14.00-18.00 ге дейін.
Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер учаскелік сайлау комиссиясы мүшелігіне кандидат туралы ұсынысын Жылыой аудандық мәслихат төрағасы Мыңбаев Қанат Қалдығұлұлының атына жолдайды.
|
р/с |
Сайлау комиссиясының нөмірі |
Сайлау комиссиясының орналасқан орны |
Сайлау комиссиясы мүшелерінің саны |
|
Учаскелік сайлау комиссиясы
|
|||
|
1 |
№289 |
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, Прорва кен орны, «Жылыоймұнайгаз» мұнай-газ өндіру басұармасының «Каспий самалы» жатақханасының ғимараты. |
5 |
Жылыой аудандық мәслихаты