Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің басшыларының назарына!

Саяси партиялар мен қоғамдық

бірлестіктердің басшыларының назарына!

Жылыой аудандық мәслихаты Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10 бабына сәйкес Жылыой аудандық округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамынан шығып калған  мүшелердің орнына мүшелер  сайлайтыны туралы хабарлайды.

          Осыған орай, кандидаттар туралы ұсыныстар 2026 жылдың 05 маусым мен 12 маусым аралығында аудандық мәслихатқа мына мекен-жайға ұсынылуы керек:

Құлсары қаласы,  Махамбет даңғылы, 20, Жылыой аудандық мәслихатының аппараты.

Байланыс телефоны:8(712 37) 5-42-72

Құжаттарды қабылдау уақыты: сенбі, жексенбі күндерінен басқа күндері сағат 08.30-12.30 дан  14.00-18.00 ге  дейін.

          Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер аудандық аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелігіне кандидат туралы ұсынысын Жылыой аудандық мәслихат төрағасы Мыңбаев Қанат Қалдығұлұлының  атына жолдайды. Оған:  

  • тиісті сайлау комиссиясының құрамына кандидаттар ұсыну туралы саяси партия органының, өзге қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің отырысы хаттамасынан үзінді көшірме;
  • саяси партияның немесе басқа да қоғамдық  бірлестіктің, олардың

құрылымдық бөлімшелерінің тіркелгендігі туралы құжаттың көшірмесі;

  • кандидаттың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім

бергендігі туралы тиісті мәслихатқа өтініші қоса тіркеледі;

  • кандидаттың жеке куәлігінің көшірмесі.

 

Р/с

Сайлау комиссиясы түрі

Шығып қалған комиссия мүшесі қай партиядан немесе қоғамдық бірлестіктен ұсынылған

1

Округтік сайлау комиссиясы №5

««Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалы

2

Округтік сайлау комиссиясы №5

«Құлсары қаласы мүгедектері» қоғамдық бірлестігі

3

Округтік сайлау комиссиясы №5

«AMANAT» партиясы қоғамдық бірлестігінің Жылыой аудандық филиалы

4

Учаскелік сайлау комиссиясы №94

«Атырау облыстық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Жылыой аудандық филиалы

5

Учаскелік сайлау комиссиясы №104

«Қазақстанның «Ақжол» Демократиялық партиясы» Атырау облыстық филиалы

   Жылыой аудандық  мәслихаты

Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің басшыларының назарына!
Дата публикации
05 июня 2026