Аудандық мәслихат депутаттарының есіне!

Аудандық  мәслихат  депутаттарының  есіне!

 «Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті  мемлекеттік   басқару және өзін-өзі басқару  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Заңының   10 бабының 2-тармағына және 19 бабының 3-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес  аудандық  мәслихат    төрағасы 2026 жылғы 17 маусымда сағат  11.00-де  аудандық  әкімдіктің  мәжіліс  залында  өтетін  аудандық  мәслихаттың кезекті 45 сессиясын  шақыру  туралы  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ.

Сессияның қарауына  төмендегі  мәселелер  енгізілді:

  1. 2025 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы.
  2. 2025 жылға арналған Құлсары қаласы, Жаңа Қаратон кенті, Жем, Қосшағыл, Қара Арна, Майкөмген және Ақкиізтоғай ауылдық округтері бюджеттерінің атқарылуы туралы.
  3. Атырау облысы тексеру комиссиясының 2025 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есебі туралы.
  4. Атырау облыстық Экология департаментінің Жылыой ауданында қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру бойынша 2025 жылы жасалған жұмыстары және алдағы жоспарлары туралы.
  5. Басқа да мәселелер.

Аудандық  мәслихаттың  тұрақты  комиссияларының  бірлескен  мәжілісі 2026 жылғы 17 маусымда сағат 09.00-де өткізіледі.

            Жылыой  аудандық  мәслихаты

Аудандық мәслихат депутаттарының есіне!
Дата публикации
02 июня 2026