Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
Аккаунты соц. сетей:
Есенияз Анарбек Есенияз Анарбек
Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының №6 сайлау округі депутаты
Общая информация, образование

Есенияз Анарбек- 1986 жылы 24 қарашада  Атырау  облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласында  дүниеге келген. Ұлты қазақ.

Білімі-жоғары.

2007 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің көп салалы колледжін бітірген. Мамандығы – мұнай және газды қайта өңдеу операторы.

2013 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы - органикалық заттардың химиялық технологиясы бакалавры.

 Еңбек жолын 2006 жылы Теңіз қалашығында  «Казкомсервис» ЖШС-нде 3-ші разрядтағы электрик қызметінен бастаған.

2007-2010 жылдар аралығында Қарабатанда «Мейір» ЖШС-де сапаны қадағалау  инспекторы, 2010-2012 жылдар аралығында Қарабатанда «ССС» ЖШС-нде  нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету бөлімің координаторы, 2012-2013 жылдар аралығында  Теңіз қалашығында «Хемимонтаж» ЖШС мекемесінде құбырлардың сапасын қадағалау инженері, 2013-2014  жылдар аралығында  Теңіз қалашығында «Алмас-Семсер» ЖШС-нде нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің координаторы, 2014-2018 жылдары  «Фиркрофт» ЖШС-нде екінші буын зауытын оңтайландыру, өнімділікпен сыйымдылықты арттыру жобасында НҚҚ бөлімінің жетекші, 2018-2020  жылдары  «Фиркрофт»  ЖШС-нде «ПБР/ПУУД» 3-ші буын зауытында нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің іске қосу және пайдалану жетекшісі қызметтерін атқарған.

           2020 жылдан бастап «СтамГазСтрой» ЖШС-нде «ПБР/ПУУД» шикі газды айдау жобасында нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің іске қосу және пайдалану координаторы қызметін атқарып келеді.

«Amanat»  партиясының мүшесі.

Жылыой аудандық мәслихатының 8 шақырылымының депутаты.

          Отбасылы.

 

 

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы