Аудандық Қоғамдық кеңес отырысының
Шешімі
(21.01.2026 ж)
- Жуалы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 18 наурыздағы №18-7 «Жуалы ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау шешім жобасына» оң қорытынды берілсін.
- «2026 жылға арналған аудандық бюджетіне өзгерістер енгізу жобасына» оң қорытынды берілсін.
- Қоғамдық кеңестің 2026 жылға арналған жұмыс жоспарлары бекітілсін. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылдың 02 қарашасындағы №383 заңының 11-бабы, 2-ші тармағына сәйкес, аудандық Қоғамдық кеңес Төралқа құрамына Нысанов Мұратбек Мадиярұлы мен Суфан Ақнұр Асылбекұлы сайлансын.
Жуалы ауданы Қоғамдық
кеңес төрағасы Р.Құниязов