2025-2029 жылдарға арналған Жуалы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламаны бекіту туралы

2025 жылғы 22 желтоқсан                                                             58-8

                                                          

                                                                                         (кезекті, елу сегізінші сессия)

 

 

2025-2029 жылдарға арналған Жуалы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламаны бекіту туралы

 

        

         Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодексінің 365 бабы
3 тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 9 тамыздағы № 318 «Қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23917 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Жуалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2025-2029 жылдарға арналған Жуалы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

         Мәслихат төрағасы                                                                     З.Бурлибаев

Дата публикации
14 января 2026