2025 жылғы 22 желтоқсан 58-5
(кезекті, елу сегізінші сессия)
2026 жылға арналған Жуалы аудандық мәслихатының
перспективалық жұмыс жоспарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Жуалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
2026 жылға арналған Жуалы аудандық мәслихатының перспективалық жұмыс жоспары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Мәслихат төрағасы З.Бурлибаев
Жуалы аудандық мәслихатының
2025 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 58-5 шешіміне қосымша
Жуалы аудандық мәслихатының 2026 жылға
арналған перспективалық жұмыс жоспары
|
№ р/с |
Мәселенің атауы |
Қарау мерзімі |
|
І. АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ СЕССИЯСЫНА ЕНГІЗІЛЕТІН МӘСЕЛЕЛЕР |
||
|
1 |
Мемлекеттік жастар саясатының іске асырылу барысы туралы есебі. |
І тоқсан |
|
2 |
Б.Момышұлы ауылы және Мыңбұлақ ауылдық округтері әкімдерінің өздеріне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы жөніндегі есебі. |
|
|
3 |
Жуалы ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы жөніндегі есебі. |
ІІ тоқсан |
|
5 |
2025 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуы туралы. |
|
|
6 |
Ақтөбе, Көкбастау, Қызыларық және Нұрлыкент ауылдық округтері әкімдерінің өздеріне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы жөніндегі есебі. |
|
|
7 |
Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жағдайында аудандық ауыл шаруашылығының дамуы мен жай-күйі |
|
|
8 |
Жергілікті атқарушы органның Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспардың іске асырылуын қамтамасыз ету туралы |
ІІІ тоқсан |
|
9 |
Ақсай, Билікөл, Қарасаз және Шақпақ ауылдық округтері әкімдерінің өздеріне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы жөніндегі есебі. |
|
|
10 |
Аудандық мәслихаттың әкімшілік-аумақтық құрылым, аумақты әлеуметтік-экономикалық дамыту, бюджет және жергілікті салықтар мәселелері, адамдардың құқығын қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясының атқарған жұмыстары туралы есебі. |
|
|
11 |
Аудандық мәслихаттың халықты әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту, ұлтаралық және азаматтық келісімді дамыту, білім, денсаулық сақтау, жастар ісі, мәдениет, спорт және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының атқарған жұмыстары туралы есебі. |
|
|
12 |
Жуалы аудандық мәслихат төрағасының есебі. |
ІV тоқсан |
|
13 |
2027-2029 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы. |
|
|
14 |
Боралдай, Жетітөбе, Күреңбел және Қошқарата ауылдық округтері әкімдерінің өздеріне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы жөніндегі есебі. |
|
|
15 |
2027 жылға арналған Жуалы аудандық мәслихатының перспективалық жұмыс жоспарын бекіту туралы. |
|
|
ІІ. ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ҚАРАУЫНА ЕНГІЗІЛЕТІН МӘСЕЛЕЛЕР: ӘКІМШІЛІК-АУМАҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫМ, АУМАҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМЫТУ, БЮДЖЕТ ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ САЛЫҚТАР МӘСЕЛЕЛЕРІ, АДАМДАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ |
||
|
16 |
Аудандық мәслихат сессияларына енгізілетін мәселелерді қарау. |
Сессия Алдында |
|
17 |
Құқықтық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету |
І тоқсан |
|
18 |
Ауданның инженерлік инфрақұрылымын, жолаушылар тасымалын және жол шаруашылығын дамыту мәселелері |
ІІ тоқсан |
|
19 |
Электр желілерін тарату саласындағы атқарылған жұмыстар мен даму перспективалары |
ІІІ тоқсан |
|
20 |
Құрылыс саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы және ауданның келбетін қалыптастырудағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің рөлі туралы |
ІV тоқсан |
|
ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ, ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ, ҰЛТАРАЛЫҚ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ КЕЛІСІМДІ ДАМЫТУ, БІЛІМ, ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ, ЖАСТАР ІСІ, МӘДЕНИЕТ, СПОРТ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ |
||
|
21 |
Аудандық мәслихат сессияларына енгізілетін мәселелерді қарау. |
Сессия алдында |
|
22 |
Мүгедектігі бар азаматтарға санаторлы-курорттық емдеу жолдамаларын беру тәртібі, олардың қолжетімділігі, сапасы және тиімділігі туралы |
І тоқсан |
|
23 |
Білім беру ұйымдарындағы мұғалімдерге бөлінетін сағат жүктемесінің әділ бөлінуі, кадр мәселесі және сабақ кестесін құрастыру мәселелері туралы |
ІІ тоқсан |
|
24 |
Пациенттерді сапалы тамақпен қамтамасыз ету, тегін медициналық көмек және дәрілік қамтамасыз ету, сондай-ақ жүктілікті жоспарлау бойынша атқарылған жұмыстар туралы |
ІІІ тоқсан |
|
25 |
Ауданда ұлтаралық қатынастарды нығайту бағытында жүргізіліп жатқан іс-шаралардың орындалуы және осы салада мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстардың іске асырылуы туралы |
ІV тоқсан |
|
ІІІ. Сайлаушылармен жұмыс |
||
|
26 |
Сайлау округтеріндегі сайлаушылармен жұмыс |
Кесте бойынша |
|
27 |
Азаматтарды қабылдау |
Кесте бойынша |