2025 жылғы 22 желтоқсан 58-4
(кезекті, елу сегізінші сессия)
Ақсай, Жетітөбе, Қарасаз және Шақпақ ауылдық округтері
әкімдерінің өздеріне жүктелген функциялар мен міндеттерді
орындауы жөніндегі есебі
«Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына және «Мәслихат алдында әкімдер есебін жүргізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы №19 Жарлығына сәйкес Ақсай ауылдық округінің әкімі Мақсат Мейірбекұлы Мәтеннің, Жетітөбе ауылдық округінің әкімі Қайнарбек Молдаханұлы Беделбековтың, Қарасаз ауылдық округінің әкімі Жанар Нұрмұратқызының және Шақпақ ауылдық округінің әкімі Нұрбакыт Айдарханұлы Балтабаевтың өздеріне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы жөніндегі есептерін тыңдай және талқылай келе Жуалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) Еңбекке қабілетті тұрғындарды жұмыспен қамту, жаңа тұрақты жұмыс орындарын ашу;
2) Ауылдық округ тұрғындарын үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз ету, электрмен жабдықтау және электр желілерін уақытылы қайта жаңарту жұмыстарына ерекше назар аудару;
3) Пайдаланбай жатқан жер телімдерін мемлекетке қайтару жұмыстарын жүргізу;
4) Ауыл шаруашылығы саласын үдемелі инновациялық тәсіл бойынша дамыту, озық технологияларды енгізу және кәсіпкерлік қызметті дамыту;
5) Елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру, жарықтандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
6) Бөлінген бюджеттік қаржылардың игерілуіне қатаң бақылау жасау ұсынылсын.
Мәслихат төрағасы З.Бурлибаев